Accessibility links

Алматыдан 78 шақырымда жер сілкінісі тіркелді


Алматы маңындағы тау көрінісі. (Көрнекі сурет)
Алматы маңындағы тау көрінісі. (Көрнекі сурет)

17 желтоқсанда Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 78 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы зілзала ошағы Қырғызстан жерінде екенін хабарлаған.

4,4 магнитудалы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 7 сағат 75 минутта тіркелген. Зілзаланың сезілгені және зардаптары туралы мәлімет түспеген.

Соңғы рет 11желтоқсан күні Алматыдан шығысқа қарай 77 километр қашықтықта магнитудасы 4,5-ті құрайтын жер сілкінісі болған еді.

Қараша айында болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар бірнеше апта бойы афтершок болуы мүмкін деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG