Accessibility links

Бүгін "Желтоқсан оқиғасына" 28 жыл толды


Желтоқсан оқиғасынан түсірілген Алматы қалалық архивінен алынған сурет. Алматы, 17-18 желтоқсан, 1986 жыл.

Желтоқсан оқиғасынан түсірілген Алматы қалалық архивінен алынған сурет. Алматы, 17-18 желтоқсан, 1986 жыл.

Бүгін – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы басталған күн. Бұл күні Демократиялық жаңару және Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алу күні ретінде ел қалаларында қоғамдық белсенділер шаралар өткізеді.

1986 жылы 16 желтоқсанда сол кездегі Қазақ ССР Компартиясы Орталық комитетінің пленумы өтіп, бірінші хатшы Дінмұхаммед Қонаев қызметтен алынып, оның орнына Ресейде қызмет істеп жүрген Геннадий Колбин тағайындалды. Алматыда қазақ жастары бұған наразылық танытып, талаптарын білдіріп 17-18 желтоқсан күндері сол кездегі Брежнев алаңына жиналды. Алайда қарулы әскер жиынды күшпен таратып, соңы басып-жаныштауға ұласты. Басып-жаныштау әрекеттері 19 желтоқсанда да жалғасты.

Жылда осы күні Желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен қоғамдастық өкілдері оқиға болған алаңға жиналып, құрбан болған желтоқсандықтарды еске алады.

1991 жылы 12 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтайтын жарлық шығарған. Осы жарлыққа сай 17 желтоқсан "Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні" деп жарияланды. Алайда соңғы жылдары бұл күн ресми күнтізбеден алынып тасталды.

XS
SM
MD
LG