Accessibility links

Қазақстан Пәкістанға көңіл айтты


Пешавардағы оқиғада қаза тапқандарға Құран оқып тұрған оқушылар. Карачи, 17 желтоқсан 2014 жыл.

Пешавардағы оқиғада қаза тапқандарға Құран оқып тұрған оқушылар. Карачи, 17 желтоқсан 2014 жыл.

Қазақстан Пешавар мектебіндегі шабуылдан мерт болған адамдардың қазасына байланысты Пәкістан үкіметі мен халқына көңіл айтты.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан ресми мәлімдемесінде "Талибан" жасаған шабуылды айыптап, "бұл - лаңкестердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі" деп бағалаған.

16 желтоқсанда Пәкістанның Пешавар қаласындағы мектепке "Талибан" лаңкестік тобы шабуыл жасап, 141 адам мерт болған еді. Қаза тапқандардың 132-сі - балалар. Шабуылдан 100-ден астам адам жараланған.

XS
SM
MD
LG