Accessibility links

Польша Украинаға қару сатуға дайын екенін мәлімдеді


Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Польша президенті Бронислав Коморовский. Варшава, 17 желтоқсан 2014 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Польша президенті Бронислав Коморовский. Варшава, 17 желтоқсан 2014 жыл.

Польша президенті Бронислав Коморовский елінің Украинаға қару-жарақ сатуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл мәселені Польша басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен кездесуде талқылаған.

Екі ел президенттері кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізіп, Коморовский: "Украина қару-жарақ сатып алу мәселесіне қызығушылық танытса, Польша кез келген келіссөздерге дайын" деді.

Украина президенті Порошенко Польша президентінің бұл сөзіне пікір қосқан жоқ. Бірақ ол Польшаға ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Шығыс Украина мен Донбасс аймақтарына жіберген гуманитарлық көмектері үшін алғыс айтты.

Петр Порошенко Польшада екі күндік іссапарда жүр.

XS
SM
MD
LG