Accessibility links

Сирияда адамдар топтап жерленген орын табылды


Соғыстан қираған үйінділер арасында баласымен жүрген сириялық әйел. (Көрнекі сурет).

Соғыстан қираған үйінділер арасында баласымен жүрген сириялық әйел. (Көрнекі сурет).

Сириялық құқық қорғаушылардың дерегінше, Сирияның шығысында 230-дан астам адам топтап жерленген орын табылды. Болжам бойынша, жерленгендерді радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары өлтірген болуы мүмкін.

Syrian Observatory fot Human Rights ұйымының хабарлауынша, құрбан болғандар биыл жазда Дейр әл-Зур провинциясында содырлармен соғысқан Әш-Шейтат тайпасының адамдары болуы ықтимал.

Жаппай адам жерленген орын Дейр әл-зур провинциясындағы елді мекендердің бірінен "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Аш-Шейтат тайпасының адамдарына үйлеріне оралуға рұқсат берген соң анықталған.

Биыл жазда Сирия мен Ирактың біраз бөлігін басып алған "Ислам мемлекеті" ұйымының содырлары өз билігіне мойынсұнбаған жүздеген адамды қырып тастаған.

XS
SM
MD
LG