Accessibility links

Улюкаев: Ресей үкіметінде дағдарыстан шығаратын жоспар жоқ


Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев.

Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев.

Ресей үкіметінде дағдарыстан шығуға арналған жоспар жоқ, тек қазіргі қауіп-қатерге аздап реакция ғана білдіре алады.

Бұл туралы Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев "Ведомости" газетіне берген сұхбатында айтқан.

Улюкаев қазіргі экономикалық жағдайды "билік өзі тұрғызған тамаша дауыл" деп атады. Министрдің сөзінше, Ресей экономикасы қазір қатарынан үш дағдарысты, оның ішінде құрылымдық және геосаяси дағдарыстарды бастан кешіп отыр. "Мұндай жағдайда үкіметке стратегиялық жоспар қажет және ол жағдайдың алдын алу қажет, олай болмаса тек ағыспен төмен кете береміз" деген министр.

Экономикалық даму министрі Ресей экономикасының даму қарқыны енді ешқашан бұрынғы деңгейде болмайтынын мойындаған. "Егер санкциялар болмағанда, мұнай бағасы арзандамағанда және билік теріс саясат жүргізбегенде экономикалық өсім екі жарым мен үш пайыздың аралығында болатын еді. АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары ұзақ уақыт күшінде болуы мүмкін. Себебі АҚШ-та қабылданған заңдардың күшін жою қиын,-" деген Алексей Улюкаев.

Ресей министрі дағдарысқа байланысты елде әлеуметтік қарсылықтар болууы мүмкін екенін жоққа шығарды.

XS
SM
MD
LG