Accessibility links

Adam bol-ға қатысты сот шешімі күшінде қалды


Adam bol журналының өкілдері Аян Шәріпбаев (сол жақта) Гүлжан Ерғалиева (ортада) және заңгер Сергей Уткин. Алматы, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Adam bol журналының өкілдері Аян Шәріпбаев (сол жақта) Гүлжан Ерғалиева (ортада) және заңгер Сергей Уткин. Алматы, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы бүгін Adam bol журналы өкілдерінің Медеу аудандық сотының журнал қызметін тоқтатып, таралуына тыйым салу туралы шешіміне берген шағымын қанағаттандырудан бас тартты.

Алматының Медеу аудандық соты қарашаның 20-сында қалалық ішкі саясат басқармасының шағымы бойынша Adam bol журналының таралуына, оның ішінде электронды түрде басылуына тыйым салып, қызметін тоқтатқан. Сол күні сот орындаушылары редакция кеңсесіне мөр басып, журналдың кезекті нөмірін тәркілеп әкеткен. Билік журналдың Киевте тұратын қазақстандық саяси эмигрант Айдос Садықовтан алған сұхбатында "соғысты насихаттағаны туралы белгілер бар" деп санайды.

Adam bol өкілдері бүгінгі сот отырысында Медеу аудандық сотының қарашаның 20-сында шығарған шешімін негізсіз және заңға қайшы деп санайтындарын мәлімдеді. Қалалық әкімдік өкілдері сотқа қатыспады.

Журнал өкілдері Медеу аудандық сотының шешімін күшінде қалдырған апелляциялық соттың бүгінгі қаулысына енді шағым бере алмайды.

Медеу аудандық соты қараша айының соңында ішкі саясат басқармасының шағымы бойынша журналдың үстінен сот процесін бастаған. Шағымда басқарма Adam bol журналын "соғысты насихаттады" деп айыптап, журнал қызметін тоқтатуды және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің күшін жоюды сұраған.

XS
SM
MD
LG