Accessibility links

Путиннің жиыны қарсаңында рубль нығайды


Рубль.
Рубль.

Рубль Ресей президенті Владимир Путиннің жыл сайын өткізетін баспасөз жиыны қарсаңында, бүгін Мәскеу уақыты бойынша түске қарай осы апта басында төмендеген құнынан біршама жоғары көтерілді.

Ресей билігі желтоқсан айында рубль бағамын ұстап тұру үшін валюта қорынан миллиардтаған АҚШ долларын жұмсап, желтоқсанның 17-сінде рубльді нығайту үшін валюталық интервенцияны жүргізе беруге уәде еткен. Рубльдің АҚШ доллары мен еуроға шаққандағы бағамы биыл жыл басынан бері 40 пайыздан астам құлдыраған. Желтоқсанның 16-сы күні 1 АҚШ доллары 80 рубльге дейін жеткен.

Путиннің баспасөз жиыны басталуға екі сағат уақыт қалғанда 1 АҚШ доллары құны 59 рубль шамасында болды.

Рубль мен шикізатқа тәуелді Ресей экономикасы мұнай бағасының арзандауынан және Батыс елдерінің Украинадағы дағдарысқа қатысты салған санкцияларынан зардап шегіп отыр.

XS
SM
MD
LG