Accessibility links

Путиннің жиыны кезінде бірнеше адам ұсталды


Ресей президенті Владимир Путин баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин баспасөз мәслихатында. Мәскеу, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз мәслихаты өтіп жатқан Халықаралық сауда орталығының маңында бірнеше қоғамдық белсенді ұсталды.

"Выставочная" метро станциясынан шыққан бір топ адамға полицейлер келіп, шара келісілген-келісілмегенін сұрады. Кейін екі әскери көлік келіп, 20 адамды ұстап әкетті. Ішінде бір журналист бар" деп хабарлады оқиғаны көрген Meduza сайтының тілшісі.

Баспасөз мәслихаты алдында ресейлік журналист Евгений Левкович Facebook парақшасында: "Путинге сұрақ қоюға бара жатырмыз. Бірақ ол көп сұрақтарға жауап бермейді. Себебі ол сұрақтар қойылмайды" деп жазған.

Бір жыл бұрын Левкович пен бірнеше әріптесін Владимир Путиннің баспасөз мәслихатының алдында полицейлер ұстап әкеткен еді.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG