Accessibility links

Путин: Қазақстан да дағдарыстан шыға алады


Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі қорытынды баспасөз мәслихатында. 18 желтоқсан 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудегі қорытынды баспасөз мәслихатында. 18 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде өтіп жатқан жылдық қорытынды баспасөз мәслихатында Қазақстанға қатысты сұраққа жауап берді.

Владимир Путинге "Ресеймен бірге Еуразия экономикалық одағына кіргелі отырған Қазақстан үшін бұл ортақ нарық ортақ дағдарысқа айналмай ма?" деген сауал қойылды. Путин Қазақстанның да Ресей сияқты «сыртқы жағдайлардың теріс ықпалына тап болатынын» айтты. «Бірақ Ресей сияқты Қазақстан да мұнайға тәуелді болғандықтан дағдарыстан шығады. Әлемдік экономикада мұнайға деген сұраныс артып, біздің экономикамыз энергоресурстар бағасының арзандауына бейімделеді. Екі ел дағдарыстан интеграцияға түсіп, тауар, жұмысшы күші мен капиталдың еркін айналуына жағдай жасау арқылы шыға алады» деді Ресей президенті.

Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Еуразия экономикалық одағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайды.

XS
SM
MD
LG