Accessibility links

"Постер ісінің" апелляциясы қаралды


Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова мен өкілі Жохар Өтебеков. Алматы, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова мен өкілі Жохар Өтебеков. Алматы, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Алматы қалалық соты Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің Алматы аудандық соты шешіміне қарсы берген апелляциялық шағымын қарады. Аудандық сот қазақ композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы мен орыс ақыны Александр Пушкинді сүйісіп тұрған кейіпте бейнелеген постерге бола агенттіктің 34 талапкерге 34 миллион теңге (шамамен 187 мың доллар) төлеуін талап еткен. Ол шешімді бірінші инстанциядағы сот та мақұлдап, агенттіктің постерді жасағаны және жариялағаны үшін кешірім сұрауын бұйырған.

Havas Worldwide Kazakhstan жарнама агенттігінің директоры Дария Хамитжанова мен өкілі Жохар Өтебековтің айтуынша, "талап иелерінің Құрманғазы мен Пушкинге еш қатысы жоқ, әрі олар постердегі суретті теріс ұққан".

34 талапкер - Құрманғазы атындағы консерваторияның 11 қызметкері мен 13 студенті және 10 музыканты - ол постер "композитордың ұрпақтарын ғана емес, өнерді жақсы көретін барша адамның ары мен ұятын қорлағанын" айтып арызданған.

Постер биыл тамызда әлеуметтік желі арқылы таралған соң дау шыққан. Сот бұған дейін жарнама агенттігі мен директорына 1700 доллар көлемінде айыппұл салған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы постерді салған агенттікке қарсы арыздан бас тартуға шақырған.

Бүгінгі сотта судья Руслан Бәйішев үкім жұма күні, 19 желтоқсанда шығатынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG