Accessibility links

Украина бейтараптық мәртебесін жоймақ


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 16 желтоқсан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 16 желтоқсан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Жоғарғы Рада қарауына елдің бейтараптық мәртебесі туралы заңды жою туралы ұсынысын жолдады. Украина бейтараптық мәртебесінен бас тартса, НАТО-ға кіруі жеңілдемек.

Украинаның бейтараптығы туралы заң 2010 жылы сол кездегі президент Виктор Янукович тұсында қабылданған. Заң елдің қандай да бір әскери блокқа қосылуына және қарулы қақтығыстарға қатысуына тыйым салған. Заң Украинаның НАТО-ға қосылуына ашық қарсы Мәскеудің қысымымен қабылданған.

Порошенко билікке келгеннен соң Украинаны НАТО-ға кіргізу өзінің "басты саяси міндеттерінің бірі" деп мәлімдеген.

Бейтараптық мәртебесінен бас тарту ұсынысы туралы Порошенко бірінші рет желтоқсанның 17-сінде Варшаваға сапарында мәлімдеген. Ол "Украина шын мәнінде соғыс жағдайында тұр. Ресей Қырымды аннексиялап алды. Донбасста Ресейге қарасты заңсыз қарулы топтардың белсенділігі күшейді" деген.

XS
SM
MD
LG