Accessibility links

Обама Украинаны қолдау туралы заңға қол қойды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 17 желтоқсан 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Украинаға көмек көрсету туралы заңға қол қойды.

Бұған дейін Ақ үй Обама дәл қазір заңда айтылғандай Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге ниетті емесін мәлімдеген. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің сөзінше, "әзірге Обама әкімшілігі Украинаны қолдау туралы заң жобасына сай қосымша санкциялар салуды ойластырып отырған жоқ, бірақ ол қажеттілік туған жағдайда пайдалануы мүмкін қосымша құзырет береді".

Өткен аптада Конгресс мақұлдаған заң Ресейдің қорғаныс саласындағы және энергетикалық сектордағы кәсіпорындарына қарсы санкцияларды күшейтуге мүмкіндік береді. Заңда бұған қоса Украинаға 350 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек беру қарастырылған.

Ресей Украина құрамындағы Қырым түбегін өзіне қосып алғаннан соң және Украинаның шығысындағы қақтығыстардан кейін АҚШ пен Еуропа Одағы (ЕО) Рсеей шенеуніктері, компаниялары мен бизнесмендеріне қарсы бірқатар санкциялар салған.

Желтоқсанның 18-інде ЕО Қырымға инвестиция салуға шектеу қоюды мақұлдаған. ЕО Қара теңіз бассейніндегі мұнай және газ кеніштерін барлауға және туризмді дамытуға инвестиция құюға тыйым салмақ.

XS
SM
MD
LG