Accessibility links

БҰҰ Бас ассамблеясы Солтүстік Кореяны айыптады


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын (ортада) әскерилермен кездесіп тұр. (Көрнекі сурет)
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын (ортада) әскерилермен кездесіп тұр. (Көрнекі сурет)

БҰҰ Бас ассамблеясы Солтүстік Кореяны сынап, Қауіпсіздік кеңесін осы елдегі жағдайды Гаагадағы халықаралық соттың қарауына жіберуді ұсынған қарар қабылдады.

Қарар жобасын 116 мемлекет қолдап, 20 мемлекет қарсы дауыс берді. 53 мемлекет қалыс қалды.

Қарарда "Солтүстік Корея режимінің бірнеше қылмыс пен заң бұзушылыққа қатысы болуы мүмкін" деп жазылған. Ақпан айында БҰҰ-ның арнайы комиссиясы Солтүстік Кореяға қатысты есебін жариялап, осы елдегі түрме лагерлері, жүйелі түрдегі азаптауларды, аштық пен кісі өлімдері туралы хабарлаған.

БҰҰ-дағы Солтүстік Корея делегациясының өкілі Ан Мйонг Юн "Пхеньян қарарды мойындамайтынын және оны саяси қастық пен жаулық пиғылдан шыққан деп санайтынын" мәлімдеді.

БҰҰ Бас ассамблеясы бұған қоса, Иран мен Сириядағы адам құқықтарының бұзылуын айыптаған қарар қабылдады. Бірақ онда халықаралық сот бұл елдердегі жағдайға араласуға шақырылмаған.

XS
SM
MD
LG