Accessibility links

Джохар Царнаев алдын ала сот тыңдауына қатысты


Джохар Царнаевтың соттан салынған суреті. Бостон, 10 шілде 2013 жыл.

Джохар Царнаевтың соттан салынған суреті. Бостон, 10 шілде 2013 жыл.

Бостон марафонындағы (АҚШ) жарылысты ұйымдастырды деген күдікпен қамалған Джохар Царнаев желтоқсанның 18-і күні алдын ала сот тыңдауына шақырылды.

Джохар Царнаев өткен жылдың шілде айында АҚШ федералдық сотының өзіне таққан 30 айыбын мойындамаған. 17 айып бойынша Царнаевқа жазаның ең ауыр түрі ретінде - өлім жазасын тағайындау қарастырылған.

2013 жылы сәуір айында марафонға қатысушылар мәреге жақындап қалғанда болған екі жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астам адам жараланған. Джохар Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаев марафон мәресіне жақын маңға бомба жасырды деп айыпталып отыр.

Жарылыстан соң Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде қаза тапқан. Джохар Царнаев өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамай отыр. АҚШ бас прокуроры Эрик Холдер Джохар Царнаевты өлім жазасына кескенді жөн санайды. Царнаевтың соты 2013 жылы 5 қаңтар күні басталуы тиіс.

Бостон жарылыстарына қатысты істе Джохар Царнаевпен дос болған Қазақстанның екі азаматы – бұрынғы студенттер Дияс Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа да "террорлық жарылыстарды тергеу ісіне кедергі жасады" деген айыптар тағылған. Жарылысқа қатысты "айғақ заттарды жойып, терактілерді тексеруге кедергі келтірді" деп айыпталған ол екеуіне сот үкімі әлі шыққан жоқ.

XS
SM
MD
LG