Accessibility links

Досаев айлығын рубльмен алатындарға кеңес берді


Байқоңыр қаласына кіре беріс. Төретам, Байқоңыр. 14 шілде 2013 жыл.

Байқоңыр қаласына кіре беріс. Төретам, Байқоңыр. 14 шілде 2013 жыл.

Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Байқоңыр қаласы мен оның маңындағы ауылдардың тұрғындарына "рубль бағамының төмендеуіне қатысты сұрақтарын жұмыс берушілеріне қоюды" ұсынды.

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, сенат депутаттары министрді Байқоңырда жұмыс істейтін, Ресей рублі бағамының құлдырауына байланысты табыстары азайған азаматтардың мәселесіне назар аударуға шақырған. Досаев "жалақысын Ресей рублімен алатын азаматтарға Қазақстан билігі ешқандай көмек көрсете алмайтынын, ол мәселені ресейлік жұмыс берушілер шешуі тиіс екенін" айттты.

Досаев сенатта "Байқоңырда істейтін азаматтарымыз біріншіден, ресейлік мекемелерде жұмыс істейтіндіктен, жалақыларын рубльмен алады. Екінші жағынан, біз өзге елдің мекемесінде жұмыс істейтіндерге қалай көмектесеміз? Олар мәселелерін өз жұмыс берушілеріне қоюы тиіс. Мәселенің бұдан басқа шешімі жоқ" деген.

Азаттық бұған дейін рубль бағамының құлдырауы жалақысын рубльмен алатын қазақстандықтарға кері әсер етіп жатқаны жайлы жазған.

Қазақстан үкіметі ғарыш айлағы мен Байқоңыр қаласының территориясын 1994 жылы Ресейге жалға берген. 2004 жылы Қазақстан жалға беру мерзімін 2050 жылға дейін ұзартқан. Қаладағы атқарушы билік Ресейдің құзырында.

Ресей Байқоңырды жалға алғаны үшін Қазақстанға жылына 115 миллион АҚШ долларын төлейтін болып келіскен.

XS
SM
MD
LG