Accessibility links

KEGOK-тің IPO акциялары арзандады


Қазақстан қор биржасының (KASE) қосымша нарық секторында бүгін KEGOK компаниясының (Қазақстанның электр желілерін басқару компаниясы) акцияларын сату басталды.

Алғашқы саудада акция құны бастапқы бағасынан сәл төмен бағаға - 504,99 теңгеге сатылды. Бір акцияның бастапқы бағасы 505 теңге болған.

Биржа сайтындағы ақпаратқа қарағанда, "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша акцияны сатып алуға 41 мың 319 өтініш түскен. Өтініш бойынша түскен қаржы 16,7 миллиард теңге болған, бұл бастапқы жоспардан (13,1 миллиард теңге - ред.) 1,3 есеге асып кеткен.

KEGOK - акциясы "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша биржаға шығарылған екінші компания. 2012 жылы бұл бағдарлама бойынша "Қазтрансойл" компаниясының акциялары шығарылған. Қазір компания акциялары алғашқа бағасынан арзанға сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG