Accessibility links

Ұлттық банк: Елде шетел валютасы тапшы емес


Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің бірі. (Көрнекі сурет).

Алматыдағы валюта айырбастау пунктерінің бірі. (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі бүгін "елде қолма-қол шетел валютасы жеткілікті" деп мәлімдеді.

Ұлттық банк таратқан ақпарат бойынша, банк пен оның аймақтық филиалдары барлық облыстар мен Алматы және Астана қалаларының валюта нарығындағы жағдайға күнделікті мониторинг жасап отыр.

Ұлттық банк "Валюта айырбастау пунктері екінші деңгейлі банктер тарапынан және Қазақстан ұлттық банкі тарапынан шетел валютасымен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген" дейді.

Бұған дейін әлемде мұнай бағасының арзандауы мен рубль бағамының құлдырауына байланысты Қазақстанда "кезекті рет девальвация болуы мүмкін" дегенге саятын лақап шыға бастаған еді.

XS
SM
MD
LG