Accessibility links

Есімов: Алматыда тағы 14 базар сүріледі


"Барахолка" базарларының бірі. Алматы 3 маусым 2014. (Көрнекі сурет).

"Барахолка" базарларының бірі. Алматы 3 маусым 2014. (Көрнекі сурет).

Алматыда алдағы уақытта тағы 14 базар сүріледі деп мәлімдеді бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

"2009 жылы басталған қала базарларын модернизациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл 16 заңсыз базар сүрілді, қазір тағы 14 базардың жерін алу процесі жүріп жатыр. Олардың орнына сауда-транспорттық дәліздер салынады" деді Ахметжан Есімов.

Бірақ Алматы қаласының әкімі қайсы базарлардың сүрілетінін айтпаған

Алматыда өткен жылдың күзінен бері "Барахолка" деп аталып кеткен базарлар кешеніндегі он шақты базары өртенген. Кейін бірнеше базардың автокөлік жолына жақын қатарлары сүріліп, басқа жақтан жаңа сауда орталықтары салына бастаған.

XS
SM
MD
LG