Accessibility links

Цзиньпин сапарында қолшатырға тыйым салынды


Қытай президенті Си Цзиньпин.

Қытай президенті Си Цзиньпин.

Макао арнайы әкімшілік аймағының билігі ол өңірге Қытай президенті Си Цзиньпин екі күндік сапармен келген кезде жұртқа қолшатыр ұстауға тыйым салды. Макао әуежайында Си Цзиньпинді күтіп алу салтанатына қатысатын мектеп оқушылары, журналистер мен шенеуніктер суық әрі жаңбырлы ауа-райында қолшатырсыз тұрды.

Си Цзинпинь Макаоға бұл әкімшілік аймақтың Қытай құрамына қайтарылғанына 15 жыл толуына орай келген.

Журналистердің хабарлауынша, әуежай әкімшілігі келушілерге "әуежай аумағында қатты жел соғып тұрғандықтан қауіпсіздік мақсатында қолшатырларын ашпауды" сұраған. Бірақ кейбіреулер "бұл қолшатыр демократияны қолдаудың символына айналған Гонконгтегі жағдаймен байланысы болуы мүмкін" дейді.

Макао мен Гонконг - Қытай құрамындағы, бірақ жартылай автономия мәртебесі бар аймақтар. Гонконгте қыркүйекте жаппай наразылық акциялары басталған. Аймақ басшысын еркін сайлауды талап еткен демонстранттар өздеріне қарсы көзден жас ағызатын газ қолданған полициядан қорғану үшін қолшатыр пайдаланған.

XS
SM
MD
LG