Accessibility links

Алматы әуежайында жолаушыларды эвакуациялады


Алматы әуежайы ғимаратынан шығарылған жолаушылар. 20 желтоқсан, 2014 жыл.

Алматы әуежайы ғимаратынан шығарылған жолаушылар. 20 желтоқсан, 2014 жыл.

Алматы әуежайында жолаушылар эвакуацияланып, терминал ғимараты тексерілді. Тексеруден кейін жолаушылар ғимаратқа қайта кіргізіліп, жұмыс тәртібі қалыпты жағдайға келтіріле бастады.

Бұл жайында оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлайды. Өскемен-Алматы және Шымкенттен ұшақ қонғаннан кейін жолаушылар мен әуежай қызметкерлері әуежай ғимараты алдындағы алаңға шығарылған. Басқа қонуға тиісті рейстер кейінге қалдырылған. Терминалдағы жолаушылар бір сағаттай сыртта тұруға мәжбүр болған.

Құтқарушылар мен басқа да тиісті мекеме қызметкерлері әуежайды тексерген соң жолаушылар қайтадан кіргізілген.

Әуежай басшылығы оқиға жайлы Азаттық тілшісіне түсінік беруден бас тартты. Азаттық тілшісі хабарласқан Алматы қалалық ішкі істер департаменті қазір жағдайдың қалпына келтіріліп жатқанын ғана айтып, оқиғаның себебін түсіндірмеді.

Бұның алдында 5 желтоқсан күні осы әуежайға "бомба қойылғаны" жайлы мәліметтен кейін әуежай ғимараты тексеріліп, соңынан сезікті ештеңе табылмаған.

Соңғы кездері әуежайға телефон соғып "бомба","мина" қойылғаны жайлы жалған мәлімет тарататындар жиілеп кетті.

XS
SM
MD
LG