Accessibility links

Еуропарламент Грузиямен серіктестік шартын бекітті


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.

18 желтоқсан күні Еуропарламент Грузиямен саяси және сауда жөніндегі серіктестік келісімін бекітті.

Бұл келісімнің бекітілуін Кремль жақтырмайды. Мәскеу билігі "ЕО-ның шығыстағы көршілерімен жасасқан мұндай келісімдері Ресей экономикасына кері әсер етеді" деп мәлімдеп келеді.

Страсбургте Еуропарламенттегі дауыс беру рәсімінің алдында сөйлеген Грузия президенті Георгий Маргвелашвили "бұл күннің елі үшін өте маңызды әрі айрықша күн екенін" айтқан.

Келісім күшіне енуі үшін оны ЕО-ға мүше елдердің парламенттері жеке-жеке ратификациялауы тиіс. Маргвелашвилидің айтуынша, 10 елдің парламенті оны мақұлдап үлгерген.

XS
SM
MD
LG