Accessibility links

Канада Ресейге жаңа санкциялар салмақ


 Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд.

Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд.

Канада 19 желтоқсан күні Ресейге қарсы жаңа санкциялар жариялайтынын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жаңа санкциялар Ресейге мұнай-газ саласындағы технологияларды экспорттауға тыйым салады.

Агенттік Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрдтің сөздерін келтірген. Ол "Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты бірқатар Ресей және Украина азаматтары "қаза тізімге" қосылатынын" айтқан.

Осы апта Еуропа Одағы (ЕО) да Қырымға инвестиция апаруға шектеу қойған еді. Бұл жолы ЕО Қырым маңындағы Қара теңіз табанында мұнай кеніштеріне барлау жүргізуге, туризм саласына инвестиция құюға тыйым салды.

АҚШ президенті Барак Обама бейсенбі күні Украинаға көмек беру және Ресейге қарсы санкцияларды күшейту туралы заң жобасына қол қойған еді. АҚШ Ресейді Украинаның шығысындағы жағдайды ушықтырып отыр деп айыптайды.

Ресей Қырымды қосып алғалы және Украинаның шығысындағы қақтығыстар басталғалы АҚШ пен ЕО, Канада мен тағы бірнеше мемлекет Ресей шенеуніктері мен компанияларына, кәсіпкерлеріне қарсы бірнеше дүркін санкциялар жариялаған.

Мәскеу Украинаның шығысында Ресей әскері жоқ деп мәлімдеумен келеді.

XS
SM
MD
LG