Accessibility links

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының маңындағы Қызылсай ауылында Әсем Кенжебаеваның жетісі берілді. Бұл туралы Азаттыққа Қызылсай ауылының 27 жастағы тұрғыны Амандық Төлеев хабарлады.

- Әсемнің жетісін берді. Енді қырқы мен жүздігі бар. Ары қарай жылын береміз, - дейді Амандық Төлеев.

Әсем Кенжебаева Алматыда 13 желтоқсан күні 24 жасында қайтыс болды. Дәрігерлік анықтамаға қарағанда, марқұмның қазасына өкпе ауруы және ми ісігі себеп болған.

Әсем Кенжебаева Жаңаөзен оқиғасы кезінде қаза тапқан әкесінің өлімін әділ тексеруді және оған кінәлі адамдарды жазалауды талап етіп танылған болатын. Ол ресейлік «Новая газета» басылымына әкесі Базарбай Кенжебаевтың полиция бөлімінде алған соққылардан кейін қаза тапқанын айтып, қоғамға Жаңаөзен абақтысындағы азаптаулар туралы жария еткен еді. Әкесін іздеп шыққан Әсемнің өзі де сол кезде бірнеше күн абақтыға қамалды.

Женевадағы БҰҰ сарапшысы Фелис Гаер биыл қараша айында 50 жастағы Базарбай Кенжебаевтың Жаңаөзен абақтысындағы азаптаудан соң, 2011 жылы 21 желтоқсан күні қайтыс болғанын мәлімдеді. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Нави Пиллэй Қазақстан билігін Жаңаөзен оқиғасын әділ тексеруге шақырған болатын.

XS
SM
MD
LG