Accessibility links

Ақтөбеде доллар қымбаттады


Ақтөбе көшелерінің бірі.

Ақтөбе көшелерінің бірі.

«Еуразиялық банктің» Ақтөбедегі филиалының аты-жөнін атамаған қызметкері 19 желтоқсаннан бері доллардың 1 теңгеге жуық қымбаттағанын айтты.

- Бейсенбі, яғни 18 желтоқсан күні бір доллардың теңгеге шаққандағы бағасы 183 доллар 95 тиын болған еді. Одан кейінгі үш күннің ішінде доллардың біздегі курсы 184 теңге 40 тиын, 184 теңге 60 тиын болып келіп, бүгін (21 желтоқсан) 184 теңге 80 тиынға шықты, - дейді банк қызметкері.

Оның айтуынша, Ақтөбеде долларға қатысты ажиотаж жоқ. Валюта түрлері еркін сатылып жатыр.

XS
SM
MD
LG