Accessibility links

Шымкентте жарылған үй

20 желтоқсанда Шымкентте екі қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйде үлкен жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. Адам шығыны жоқ. Бір тұрғын жарақат алып, дәрігер көмегіне жүгінген. 23 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Үйдің астыңғы қабатындағы екі пәтер жарылып, орны ғана қалған. Үй қаусап, құлағалы тұр. Жергілікті билік өкілдері "бес отбасы - жатақханаға, үш отбасы туыстарының үйіне орналасқанын" айтты. Тұрғындар сөзіне қарағанда, маңайдағы құбырдан газ иісі шығып тұрғанына шамамен үш айдай болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, жарылыс себебін арнайы комиссия тексеруге кіріскен.

XS
SM
MD
LG