Accessibility links

Назарбаев бүгін Киевке барады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті тележурналистер сұрағына жауап беріп отыр. 21 желтоқсан, 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті тележурналистер сұрағына жауап беріп отыр. 21 желтоқсан, 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін ресми сапармен Украина астанасы Киевке барады. Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаев Киевте Украина басшылығымен кездесіп, келіссөздер жүргізеді деп хабарлаған.

Кеше, желтоқсанның 21-інде Киевке Беларусь президенті Александр Лукашенко да барған. Бұған дейін Украина президенті Петр Порошенко Назарбаев пен Лукашенконың сапарын "дәл уақытында жасалатын маңызды оқиға" деп атаған.

Желтоқсанның 23-інде Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) кеңесінің кезекті отырысы өтуі тиіс. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері қатысады.

XS
SM
MD
LG