Accessibility links

Иракта күрд жасақтары Синджар қаласын ИМ-нен босатты


Синджар тауы маңындағы Зумар аймағында күрдтердің пешмерга жасақтары мен радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының арасында болған шайқастан кейінгі көрініс. Ирак, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Синджар тауы маңындағы Зумар аймағында күрдтердің пешмерга жасақтары мен радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымының арасында болған шайқастан кейінгі көрініс. Ирак, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Ирактағы күрдтердің "пешмерга" жасақтары елдің солтүстігіндегі Синджар қаласынан радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларын ығыстырып шығарды.

Желтоқсанның 21-інде қала ішінде болған ауыр шайқаста жарылыстар мен атыс үндері естіліп жатты. АҚШ әскерилері желтоқсанның 21-інде Синджар қаласының маңына әуеден төрт рет соққы бергенін хабарлады.

Өткен аптада пешмерга жасақтары Синджар қаласын содырлардан қайтарып алу операциясын бастап, қалаға жақын Синджар тауына қарай баратын жолды ашқан.

Синджардың азат етілуі тамыз айында содырлар қаланы басып алғаннан кейін тауға қарай босып, сонда қамалып қалған езидтердің үйлеріне қайта оралуларына мүмкіндік тудырды.

Ирактың жартылай автономиялық Күрдістан аймағының басшысы Масуд Барзани Синджар тауындағы "пешмерга" жасақтарының бекіністеріне барып, күрдтердің "Ислам мемлекетін" жеңетініні мәлімдеген. "Көпшілік аудандар біздің бақылауымызда. Біз "Ислам мемлекеті" ұйымын күйретеміз" деді Барзани "пешмерга" жасақтарына.

XS
SM
MD
LG