Accessibility links

Элизабет Тұрсынбаева - Қазақстан чемпионы


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан чемпионатында. Қызылорда. 21 желтоқсан 2014 жыл. (Сурет Қызылорда облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметінен алынды)

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан чемпионатында. Қызылорда. 21 желтоқсан 2014 жыл. (Сурет Қызылорда облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметінен алынды)

Қызылордада мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты аяқталды.

Қыздар арасындағы жарыста Қызылорда облысының атынан жарыстарға қатысып жүрген Элизабет Тұрсынбаева 180,46 ұпай жинап, алтын алды. Күмісті Айза Мамбекова (109,77 ұпай), қоланы Регина Глазман (102,37) иеленді. Екі спортшы да Алматы қаласының өкілдері.

Ерлер арасында Ванкувер және Сочи олимпиадасына қатысқан Абзал Рақымғалиев жеңіске жетті. Ол 179,72 ұпай жинады. Күмісті алматылық Данияр Әділов (130,26), қоланы тағы бір Алматы спортшысы Артур Панихин (128,78) алды.

Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылды.

Енді Элизабет Тұрсынбаева мен Абзал Рақымғалиев Қазақстан чемпиондары ретінде 12-15 ақпанда Сеулде (Оңтүстік Корея) өтетін "Төрт құрлық чемпионатына" қатысады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG