Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев Украинаға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті тележурналистер сұрағына жауап беріп отыр. 21 желтоқсан, 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті тележурналистер сұрағына жауап беріп отыр. 21 желтоқсан, 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін түске қарай жұмыс сапарымен Украина астанасы Киевке барды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұған дейін Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаев Киевте Украина басшылығымен келіссөздер жүргізеді деп хабарлаған. Киевке желтоқсанның 21-і күні Беларусь президенті Александр Лукашенко да барған.

Назарбаев желтоқсанның 23-і күні Мәскеуге Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің сессиясына қатысуға барады. Сессияға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері қатыспақ.

Сапар алдында қазақстандық бір топ журналиске сұхбат берген Назарбаев Украинадағы жанжалда бітімгершілік рөлін атқаруы мүмкін екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG