Accessibility links

Белсенділер: Шешенстанда тағы бір үй қиратылды


Грозныйдағы қарулы топ бекінген мектептің арнайы операциядан кейінгі көрінісі. Шешенстан, 5 желтоқсан 2014 жыл.
Грозныйдағы қарулы топ бекінген мектептің арнайы операциядан кейінгі көрінісі. Шешенстан, 5 желтоқсан 2014 жыл.

Құқық қорғаушылар мен кейбір ақпарат құралдары Шешенстанда Ресей президенті Владимир Путиннің сотсыз жазалаамау туралы ескертуіне қарамастан тағы бір үй қиратылғанын хабарлады.

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров желтоқсанның 4-інде Грозныйда шабуыл жасағандардың туыстары Шешенстаннан елге қайта оралу құқығынсыз көшіріліп, үйлері сүріледі деп мәлімдеп, құқық қорғаушылардың сынына ұшыраған.

Осыдан соң бірер күннен куейін Шешенстанның Янди селосында белгісіз біреулер бірнеше үйді өртеген.

Өткен аптада жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз конференциясында Путин Шешенстан басшысы мәлімдемесінің заңдылығы жайлы сұраққа "Қадыровтың эмоцияға салына айтқан пікірілерін түсінуге болатынын, бірақ сот айыбын дәлелдегенше ешкімнің өз бетінше жазаға кесу құқығы жоғын айтқан.

Ресейлік "Новая газета" басылымның хабарлауынша, желтоқсанның 19-ына қараған түні Қошкелді селосында бір үй әп-сәтте қиратылған.

Шешенстандық құқық қорғаушы Сергей Бабинец Facebook-те өзі және серіктері Қошкелді селосына барып, үйдің қираған орнын ғана көргенін жазады. Ол ауыл тұрғындары үйді түн ортасында белгісіз адамдар келіп бұзып кеткенін айтты дейді.

Желтоқсанның 4-іне қараған түні Шешенстан астанасы Грозныйда бір топ қарулы адам жол-патрульдік полициясына шабуылдап, сосын қала орталығындағы баспа үйіне және бір мектепке жасырынып алған. Соңғы деректер бойынша, қарулы топқа қарсы операция барысында 11 содыр мен 14 полиция қызметкері оққа ұшқан.

Шабуылды "Кавказ имараты" тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG