Accessibility links

Қырғызстан ЕАЭО-ға кіру жобасын мақұлдады


Қырғызстан туы. Көрнекі сурет

Қырғызстан туы. Көрнекі сурет

Қырғызстан үкіметі елдің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру келісім-шартын мақұлдады.

Қырғызстан экономика министрі Темір Сариев: "ЕАЭО-ға кірген елдер белгілі бір өтпелі кезеңнен өтті. Ел бұл одаққа кіре отыра өзінің өтпелі кезеңін бастайды. Біз жол картасында белгіленген барлық міндеттерге дайындалуымыз керек" деді.

Ал Қырғызстан премьер-министрі Джоомарт Оторбаев келісім-шарттың біраз тұстарына байланысты келіспеушіліктер болғанын айта келе, ортақ мәмілеге келгендерін және Қырғызстанның ұлттық мүдделерін қорғайтынын хабарлады.

2014 жылы 29 мамырда Қазақстан, Ресей, Беларусь ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған. Бұл одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

XS
SM
MD
LG