Accessibility links

Пәкістанда жүздеген адам өлім жазасына кесілмек


Пешавардағы мектептегі оқиғада қайтыс болған балаларды еске алу шарасы. Лахор, 19 желтоқсан 2014 жыл.

Пешавардағы мектептегі оқиғада қайтыс болған балаларды еске алу шарасы. Лахор, 19 желтоқсан 2014 жыл.

Пәкістанның ішкі істер министрі Чоудри Нисар Али Хан елде жақын күндері терроризмге қатысы бар деп айыпталған 500-дей адамға қатысты өлім жазасы орындалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ішкі істер министрі елде 2008 жылы өлім жазасына жарияланған мораторийді алып тастау туралы шешімді Пешаварда 16 желтоқсанда болған шабуылға дейін шығарған. Пешаварда 132 оқушы мен 9 мектеп қызметкері мерт болған күннің ертеңінде Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф мораторийді алып тастау туралы шешімге қол қойған.

Осы уақыттан бері Пәкістанда алты адам өлім жазасына кесілген.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG