Accessibility links

Тунисте президент сайлауының жеңімпазы анықталды


Тунистің жаңа сайланған президенті Беджи Каид Эс Себси.

Тунистің жаңа сайланған президенті Беджи Каид Эс Себси.

Тунис орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында үкіметтің бұрынғы мүшесі, 88 жастағы Беджи Каиб Эс-Себсидің жеңгенін ресми түрде растады.

Дауыс берудің екінші кезеңіндегі қорытынды бойынша, Эс-Себси 55,68 пайыз дауыс жинаған. Оның бәсекелесі Монсеф Марзуки 44,32 пайыз дауыс алған.

Эс-Себси елді исламдандыруға қарсы және ол 2011 жылы биліктен тайдырылған президент Зейн әл-Әбидин Бен Әли билігі кезінде мемлекеттік қызметтер атқарған. Эс-Себси Тунис Франциядан тәуелсіздік алған 1956 жылдан бергі демократиялық жолмен сайланған алғашқы президент болып отыр.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Беджи Каиб Эс Себсиді жеңісімен құттықтап, Тунисті 2011 жылғы "араб көктемінен" кейінгі демократиялық өзгерістерді табысты жүргізген үлгілі ел деп атады.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини сайлауды Тунистің "демократиялық жолға түсуіндегі тарихи қадам" деп атады.

XS
SM
MD
LG