Accessibility links

БҰҰ Солтүстік Кореядағы адам құқығы жайын талқылады


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі желтоқсанның 22-сінде бірінші рет Солтүстік Кореядағы адам құқығы жағдайын талқылады. Талқылауға БҰҰ сарапшыларының биыл ақпан айында Солтүстік Кореядағы адам құқығының жаппай бұзылғаны туралы есебі себеп болған.

"Бүгін біз Қауіпсіздік кеңесінің үнсіздігін бұздық және бұл елде болып жатқандарды әшкереледік" деді жиында АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Саманта Пауэр. Ол бұған қоса Пхеньянның Sony Pictures компаниясына хакерлік шабуыл жасалғанына АҚШ-пен бірігіп тексеру жүргізу туралы ұсынысын қабылдамай тастады.

"Пхеньян режимінің өз халқына істеп отырған зұлымдығы Солтүстік Кореяны әскери үрейлі, тұрақсыз елге айналдырды" деді Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуші, Австралияның БҰҰ-дағы елшісі Гари Квинлан.

Қытай мен Ресей Солтүстік Кореядағы адам құқығы мәселесін күн тәртібіне енгізуге қарсы дауыс берген. Бірақ бұл жолы екі ел вето қою құқығын пайдалана алмағандықтан батыс елдерінің ұсынысы өтіп кетті.

Солтүстік Корея бұл мәселенің Қауіпсіздік кеңесінде талқылануын заңды деп танымайтынын және бұған қалай жауап қайыратынын өзі шешетінін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG