Accessibility links

Украина келіссөзінің жаңа кезеңі 24-26 желтоқсанда өтеді


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 22 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей, Украина және Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) қатысатын Донбасстағы қақтығыстарды тоқтату туралы бейбіт келіссөздердің жаңа кезеңі Минскіде желтоқсанның 24-26-сы күндері өтеді деп мәлімдеді Украина президенті Петр Порошенко.

Келісім уақыты Порошенко Франция президенті Франсуа Олландпен, Германия канцлері Ангела Меркельмен және Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде белгіленген.

Порошенко мемлекет басшылары қыркүйек айында Минскіде келісілген қақтығысты тоқтату туралы келісімді ары қарай жүзеге асыру шараларын жасау қажеттігін білдіргенін айтады.

XS
SM
MD
LG