Accessibility links

Солтүстік Кореяда интернет ішінара қосыла бастады


Sony Pictures компаниясы түсірген The Interview фильмінің пермьерасы туралы жарнаманы алып жатыр. Калифорния, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Sony Pictures компаниясы түсірген The Interview фильмінің пермьерасы туралы жарнаманы алып жатыр. Калифорния, 18 желтоқсан 2014 жыл.

Солтүстік Кореяда желтоқсанның 22-сі күні өшкен интернет қызметі бүгін ішінара қайта жұмыс істей бастады. Бұған дейін Associated Press агенттігі бірқатар сарапшыларға сілтеме жасап Солтүстік Кореяда интернет толықтай ажыратылғанын хабарлаған. АҚШ президенті әкімшілігі мен мемлекеттік департаменті "мұны АҚШ үкіметі істеді ме?" деген сауалға жауап беруден бас тартты.

АҚШ президенті Барак Обама желтоқсанның 19-ында АҚШ үкіметі Солтүстік Кореяны "Sony Pictures компаниясының интернет ресурсына хакерлік шабуыл жасады" деп айыптап, оған жауап шаралары қарастырылатынын мәлімдеген.

Обама АҚШ хакерлік шабуылға қандай жауап қайтаратынын айтпағандықтан Солтүстік Кореяда интернеттің ажыратылуына АҚШ үкіметінің қатысы бар-жоғы белгісіз болып тұр.

Бұған дейін АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы (немесе FBI) Солтүстік Кореяны Sony Pictures компаниясына қарсы хакерлік шабуыл жасады деп айыптаған. FBI "Солтүстік Корея америкалық бизнеске шығын келтіріп, америкалықтардың өз ой-еркін білдіру құқығын таптауды мақсат еткен" деген мәлімдемесінде. Пхеньян хакерлік шабуыл жасау айыбын жоққа шығарған.

Пхеньян бұған дейін бірнеше ай бойы Sony Pictures компаниясының Солтүстік Корея басшысына қастандық жасауға астыртын сөз байласу жайы бейнеленетін The Interview фильміне қарсылық танытып, фильмнің батыс елдерінде көрсетілуіне кедергі жасайтынын ескертіп келген. Кибер шабуылдан кейін компания фильмді көрсетпейтін болды.

XS
SM
MD
LG