Accessibility links

Алматыда наразылар прокуратураға "сыйлық тапсырды"


Бүгін Алматыда бір топ азамат сот орындарының әрекетіне наразылық білдіріп, қалалық прокуратураға "жаңа жылдық сыйлық" ретінде Қылмыстық кодекс тапсырды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот орындары азаматтық және қылмыстық істерін сөзбұйдаға салып, қарамай отыр деп шағымданған бір топ азамат прокуратураға Қазақстанның қылмыстық кодексін сыйға тартты. Олар бұған қоса прокуратураға сот орындарынан істерін қарауды талап еткен хат тапсырды. Сый мен хатты прокуратураның кеңсесі қабылдап алды.

Наразы азаматтармен жолығуға шыққан аға прокурор Шыңғыс Арғынбаев прокуратура азаматтардың хатын "заңға сай қарастырып" жауабын айтатынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG