Accessibility links

Ресей "Ангара" зымыран тасығышын сынады


Ресейдің Плесецк ғарыш айлағында тұрған жаңа "Ангара" зымыран тасығышы. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Плесецк ғарыш айлағында тұрған жаңа "Ангара" зымыран тасығышы. (Көрнекі сурет).

Ресей ұзақ жыл бойы жасаған жаңа "Ангара" зымыран тасығышын бірінші рет ұшырып, сынақтан өткізді.

Ресей президенті Владимир Путинге зымыранның ұшырылғаны туралы есеп берген қорғаныс министрі Сергей Шойгу "Ангара-А5" зымыран тасығышы жергілікті уақыт бойынша сағат 8:57-де Ресейдің солтүстік-батысындағы Плесецк ғарыш айлағынан ұшырылғанын хабарлады.

Зымыранның ұшырылу салтанатына видеоконференция арқылы қатысқан Путин "ұшырылымның сәтті өткенімен" құттықтап, жаңа зымыран "Ресей қауіпсіздігін біршама нығайтатынын" айтты. Путиннің сөзінше, "Ангара" орбитаға зымыран шабуылы туралы алдын-ала ескерту жүйелеріне арналған, барлау, навигация, байланыс және ретрансляция жасайтын спутниктерді шығара алады.

ТАСС мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, "Ангара" зымыранын жасап шығаруға 22 жыл және 3 миллиард АҚШ доллары жұмсалған.

Кремль жаңа зымыран Ресейдің Қазақстаннан жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш айлағына тәуелділігін азайтады деп үміттенеді.

XS
SM
MD
LG