Accessibility links

Байқоңырдағы 6 мектеп, 1 балабақша Қазақстанға қайтарылды


Байқоңыр қаласына кіре беріс. Төретам, Байқоңыр. 14 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Байқоңыр қаласына кіре беріс. Төретам, Байқоңыр. 14 шілде 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Байқоңыр қаласындағы Ресей алты мектеп пен бір балабақша Қазақстанға қайтарылды.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақшаны қазақстандық білім жүйесінің қарамағына қайтару туралы келісімге президент Нұрсұлтан Назарбаевтың желтоқсанның 23-і күні Мәскеуге сапары барысында Қазақстан білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Ресей білім министрі Дмитрий Ливанов қол қойған.

Бұған дейін бұл алты мектепте оқушыларға Ресей стандарттары бойынша білім беріліп келген, енді қазақстандық бағдарлама бойынша білім берілмек.

XS
SM
MD
LG