Accessibility links

ҚФФ президенті сайланды


Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) Астанада өткен кезектен тыс 11-сессиясында Ерлан Қожағапанов федерация президенті болып сайланды. Ол ҚФФ-ны 2018 жылға дейін басқармақ.

Ерлан Қожағапанов бұған дейін көлік және коммуникация министрлігінде, салық комитетінде жұмыс істеген, 2013 жылы спорт және дене шынықтыру агенттігін басқарған.

Федерацияны осыған дейін жеті жыл басқарған Әділбек Жақсыбеков жуықта ол ұйымдағы басшылық қызметінен кететінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG