Accessibility links

Қырғызстан ЕАЭО-ға кіру келісіміне қол қойды


Мәскеудегі ҰҚШҰ жиыны. 23-желтоқсан 2014 жыл.

Мәскеудегі ҰҚШҰ жиыны. 23-желтоқсан 2014 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеуде өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жиынында елінің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру келісіміне қол қойғанын мәлімдеді.

Елдің ЕАЭО-ға кіру келісімін енді қырғыз парламенті ратификациялауы керек. Қырғызстан ЕАЭО-ға 2015 жылдың 9 мамырынан бастап қосылмақ.

Биыл мамыр айының 29-ы күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко және Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған. Биыл қараша айында бұл одаққа Армения қосылған.

ЕАЭО 2015 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG