Accessibility links

Ресей шетел валютасындағы активтерін қысқартпақ


Ресейдің Владивосток қаласындағы рубль бағамы. 18 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресейдің Владивосток қаласындағы рубль бағамы. 18 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ресей үкіметі мемлекет қарамағындағы бес ірі экспорттаушы компанияға рубльді тұрақтандыру шараларының бірі ретінде шетел валютасындағы активтерін қысқартуды тапсырды.

"Газпром", "Роснефть", "Зарубежнефть" және алмас шығаратын "АЛРОСА" және "Кристалл" компаниялары шетелдік валютадағы резервтерін наурызға дейін шектеп ұстайтын болды.

Мұнайдың арзандауы және Батыс санкцияларының кесірінен рубль құнсызданып, Ресей экономикасы тоқырауға ұшыраған еді. Рубльдің долларға шаққандағы құны өткен аптада рекордтық көрсеткішке құлдырады.

Рубль 23 желтоқсан күні ғана аздап тұрақтанғандай болған (1 доллар - 55 рубльден жоғары). Алайда S&P рейтинг агенттігі рубльдің әлі де арзандайтынын болжайды. Ресей экономикасының жағдайы бұдан ары нашарласа, қазіргі BBB- рейтингі «жағымсызға» өзгереді.

XS
SM
MD
LG