Accessibility links

АҚШ-та гейлердің қан тапсыруына тыйымды жоюға шақырды


Донордан алынған қан. (Көрнекі сурет).
Донордан алынған қан. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың азық-түлік тауарлары мен дәрі-дәрмектер сапасына санитарлық бақылау жасайтын басқармасы билікке гомосексуалдар мен бисексуалдардың өмір бойы донор болуына салынған тыйымды жоюға шақырды.

Тыйым 1983 жылы ВИЧ және СПИД індеті таралу қаупі туған кезде салынған. Санитарлық бақылау жасау басқармасы тыйым салу тәжірибесін өзгертіп, тек соңғы 12 айда жыныстық қатынасқа түскен гомосексуалдар үшін ғана қан тапсыруға тыйым салуды ұсынады. Басқарма ұсыныс жасамас бұрын "ғылыми мәліметтерді тыңғылықты зерттегенін" айтады.

Басқарма гомосексуалдарға қатысты донорлық саясатын өзгерту жөніндегі нұсқаулықты келесі жылы жарияламақ.

Соңғы жылдары бірнеше мемлекет, соның ішінде Ұлыбритания мен Жапония гомосексуалдардың қан тапсыруына салынған тыйымды жойған болатын.

XS
SM
MD
LG