Accessibility links

Солтүстік Кореяда интернет тағы өшті


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (ортада) мен әскерилер компьютер қарап тұр. (Көрнекі сурет).
Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын (ортада) мен әскерилер компьютер қарап тұр. (Көрнекі сурет).

Солтүстік Кореядағы интернеттің жай-күйіне бақылау жасап отыратын америкалық Dyn Research зерттеу компаниясы бұл елде интернет тағы өшті деп хабарлады.

Компания ақпаратына қарағанда, желтоқсанның 23-і күні кешке Солтүстік Кореядағы қытайлық China Unicom байланыс компаниясы тарататын барлық интернет байланысы ажыратылған.

Солтүстік Кореяда желтоқсанның 22-сінде де интернет он сағатқа жуық уақыт ажыратылып, қайта қосылған. Интернеттің ажыратылуы "АҚШ немесе Қытай тарапынан кибершабуыл жасалған болуы мүмкін" деген қауасет тудырған. Бірақ сарапшылар Солтүстік Кореяда "интернет инфрақұрылымы енді ғана қалыптаса бастағандықтан интернет байланысын жекелеген адамдар немесе осы ел билігінің өзі де үзе салуы мүмкін" дейді.

Вашингтон Солтүстік Кореяны голливудтық Sony Pictures компаниясының интернет-ресурсын "бұзып кірді" деп айыптайды. АҚШ президенті Барак Обама компанияға хакерлік шабуыл жасалғанына "тиісті жауап қайтарылатынын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG