Accessibility links

Валюта бағамы ауытқуын шектеу мерзімі ұзарды


Алматыдағы валюта айырбастау пунктінің біріндегі валюта бағамы. 21 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
Алматыдағы валюта айырбастау пунктінің біріндегі валюта бағамы. 21 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан ұлттық банкі айырбастау пунктерінде АҚШ доллары мен еуроны сату және сатып алу бағамы арасындағы ауытқу шектерінің қолданыс мерзімін 2015 жылдың 10 ақпанына дейін ұзартты.

Ұлттық банк басқармасының бұған дейін белгілеген доллар мен еуроны сату-сатып алу арасындағы ауытқу шегінің қолданыс мерзімі 2014 жылғы ақпанның 11-інен желтоқсанның 31-іне дейінгі аралықта жарамды болған.

Қазір айырбастау пунктерінде АҚШ долларын сату мен сатып алу бағамы арасындағы ауытқу 2 теңге, ал еуро үшін 3 теңгені құрайды. Үкімет ақпараттары бойынша, қазір долларға шаққандағы теңге бағамының жоғарғы шегі - 188.

XS
SM
MD
LG