Accessibility links

ЕО: Пәкістан өлім жазасына мораторий салсын


Пәкістандық тұтқындар. (Көрнекі сурет).

Пәкістандық тұтқындар. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Пәкістан билігінің өлім жазасына жарияланған мораторийды алып тастаған шешімін айыптап, оны дереу қалпына келтіруді талап етті.

Желтоқсанның 24-інде таратқан мәлімдемесінде ЕО "Біз өлім жазасын терроризммен күрестегі тиімді тәсіл деп санамаймыз" деген.

Пәкістан өткен аптада алты жыл бойы терроризм айыбымен сотталғандарды өлім жазасына кесуге жарияланған мораторийді жойған. Содан бері алты тұтқынға өлім жазасы орындалды.

Ресми Исламабад мораторийді өткен аптада Талибанның пәкістандық қанаты Пешавардағы мектептердің біріне шабуыл жасап, 148 адам құрбан болған оқиғадан соң алып тастаған.

Пәкістан билігі алдағы бірнеше аптада 500-ге тарта тұтқынға өлім жазасын орындауды жоспарлап отыр.

Пәкістан түрмелерінде қазір өлім жазасына кесілген сегіз мыңға тарта тұтқын отыр.

ЕО Пәкістан егер өлім жазасын орындауды тоқтатпаса онда одақпен сауда келісімдеріне нұқсан келуі мүмкін екенін ескертті.

XS
SM
MD
LG