Accessibility links

Әбдішев тағы да қолхатпен босатылмады


Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі. Астана, 25 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Бауыржан Әбдішев, Қарағанды облысының әкімі. Астана, 25 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет).

Қарағанды облыстық сотының апелляциялық алқасы облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатпау туралы шешім шығарды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әбдішев пен оның адвокаттары бұған дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының қыркүйектің 25-індегі экс-әкімді 2015 жылдың 25 қаңтарына дейін қамау туралы шешіміне шағым берген. Әбдішевтің адвокаттары оны қамауға алуды "заңсыз" деп, кепілдікпен босатуды сұраған.

Агенттіктің дерегінше, апелляциялық алқа судьясы Жұмабай Әбішев адвокаттардың дәйектерін "негізсіз" деп тауып, қамауға алу туралы сот шешімін күшінде қалдырған.

Бауыржан Әбдішев қыркүйектің 24-не ауған түні ұсталған. Оған қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша "қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдаланды" деген айып тағылған.

Бауыржан Әбдішев Қарағанды облысының әкімі қызметін 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымы аралығында атқарған еді.

XS
SM
MD
LG