Accessibility links

ОҚО-да ВИЧ-науқастарға өтемақы төленбек


СПИД-пен күрес белгісі (Көрнекі сурет)
СПИД-пен күрес белгісі (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 18 жастан асқан ВИЧ-науқастарға өтемақы төленеді деп хабарлады Азаттық тілшісіне облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұны бүгін азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдаған облыс әкімі Асқар Мырзахметов айтқан. Ол деректі кездесуге қатысқан адамдардың бірі - «СПИД-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті Жанетта Жазықбаева да растады.

«Үш-төрт жылдан бері шешімін күтіп отырған өзекті проблемалардың бірі − 18 жасқа толған ВИЧ дертіне шалдыққан науқас балаларға өтемақы төлеу мәселесі болатын. Бүгін облыс әкімі қаңтар айынан бастап өтемақы төленетінін айтып, құзырлы органдарға тапсырма берді» дейді Жанетта Жазықбаева.

Оңтүстік Қазақстан облысында күніне орташа есеппен бір адам ВИЧ жұқтырып, СПИД орталығына тіркеледі.

Бұл аймақта ең көп ВИЧ жұғу оқиғасы 2006 жылғы мамыр айында болған. Ол кезде Шымкенттегі ауруханалардың бірінде қан құю кезінде 149 бала ВИЧ дертін жұқтырған.

XS
SM
MD
LG