Accessibility links

Сот «Қазақмыстың» экс-жұмысшысы талабын орындатты


«Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының бірі.

«Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының бірі.

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық соты «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған теміржол кешенінің бұрынғы жұмысшысы Ерлан Табынов қайта жұмысқа алынсын деген үкім шығарған. Бұл ақпаратты Азатыққа желтоқсанның 24-і күні Табынов хабарлап, «Қазақмыс» өкілі растады.

«Жезқазған қалалық соты мені желтоқсанның 22-сінен бастап жұмысқа қайта алу туралы үкім шығарды. Мен бүгін жұмыстамын. Бұрынғы қызметімде. Бұрынғы жалақым да қалатын болды. Тіпті тамыздан бері жұмыссыз қалған 4 айымның да жалақысын беру туралы үкім етті» деді Азаттық тілшісімен сөйлескен Ерлан Табынов.

Сот үкіміне қатысты «Қазақмыс» корпорациясынан толымды жауап алу мүмкін болмады. Мекеме адвокаты Павел Кошелов сот шешіміне көңілдері толмайтынын ғана айтып, «үкімді қайта қарауды талап етіп арыз түсіруі әбден мүмкін екенін» мәлімдеді.

Ерлан Табынов биыл 15 тамызда «еңбек тәртібін бұзу» айыбымен жұмыстан босатылған. Алайда ол «жұмыстан шығарылуыма бөлінген ақшаның қайда жұмсалып жатқанын сұрап «Қазақмыс» басшысына хат жазғаным себеп болды» деп біледі. Жұмыстан «заңсыз шығарылғанын» айтқан Ерлан Табынов бұрынғы басшыларын сотқа беріп, өзін қайта жұмысқа алуды талап еткен.

  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG